Parowozownia Pilska Okrąglak - бұл
қоғам 2007 жылы Пила қаласының
тұрғындарының көмегімен пайда болды.
Бұл қоғамның мақсаты - ХІХ ғасырдың
тарихи ескерткіші болып табылатын,
қазіргі кезде жұмыс жасамай қалған
Депоны қалпына келтіру болып
табылады.
Бұл Депоның құрылған уақыты
1870-1874 жылдар аралығын қамтиды,
сонымен қатар ол сол жердің темір
жолының дамуына да себепші болды.
Депо өзінің ерекше құрылыс стиліне
байланысты, Европа елдеріндегі
біршама осындай құрылыстардың пайда
болуына себебін тигізді. Біраз
жылдар пайдалана келе ХХ-ғасырдың
90-шы жылдарында объект пайдаланудан
шықты, соның есебінен оны халық
ұмыта бастады.
Қазір Депоның қандай қалыпта екенін
көріп жүрген Пила қаласының біраз
ондық тұрғындары бұл тарихи
ескерткішті құтқарып қалу амалын
табуға бел буды.
La Polonia